
2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Ақмола облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібіндегі тақырып: «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар».
Кездесу сағат 11:00-де Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 88 мекенжайында орналасқан Ақмола облысының әкімдігі ғимаратында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7172) 555-765 — Асия Нұрпейісова.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.