Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түрлі мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында жер қатынастарына қатысты сұрақтар қаралып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар және басқа да мәселелер тыңдалды.

Министр азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына егжей-тегжейлі жауап беріп, олардың барлығы мұқият пысықталып, назарға алынатынын жеткізді.

Министрлік бамшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды тұрақты түрде жүргізеді.