
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – министрлік) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 12 қазан аралығында Министрліктің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды.
Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1.талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2.талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаумен қамтылатын кезең – 2025 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2026 жылдың 31 тамызға дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.