
Тамақ өнеркәсібі тұрақты оң серпін көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Ол өсім негізгі азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері бойынша байқалатынын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 4 трлн теңгеге жетіп, 8,4%-ға артты.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сала жоғары өсу қарқынын сақтап, өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға ұлғайды.