
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан жоғары екенін атап өтті.
Сонымен қатар құс еті, балық, қант, ірімшік пен сүзбе, шұжық өнімдері және алма бойынша қамтамасыз ету деңгейін 80%-ға жеткізу мақсатында отандық өндірісті ұлғайту және импортты алмастыру жөнінде нысаналы жұмыстар жүргізілуде.