Қазақстанда жыл басынан бері балық шаруашылығы саласында 3,2 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстанда жыл басынан бері балық шаруашылығы саласында 3,2 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолы кесілді

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері балық ресурстарын қорғау саласында 3 294 құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі балықты заңсыз аулауға, су айдындарын ластауға, кеме қатынасы қағидаларын бұзуға және су биоресурстарын заңсыз тасымалдауға қатысты тіркелген.

Тексеру нәтижесінде 2 639 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 68,3 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар, 48 адамға қатысты құқық қорғау органдарына 30-дан астам материал жолданып, 31 қылмыстық іс қозғалды.

Көктемгі уылдырық шашу кезеңінде еліміздің батыс өңірінде дәстүрлі «БЕКІРЕ-2026» табиғат қорғау акциясына ерекше назар аударылды. Жайық–Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп 1 239 құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Нәтижесінде 936 адам жауапкершілікке тартылып, 25,8 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Акция барысында браконьерлік және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген балық түрлеріне заңсыз қол сұғу фактілері бойынша 33 қылмыстық іс қозғалды.

Заңсыз айналымнан 8,5 тонна балық (оның ішінде 1,2 тонна бекіре тұқымдас балық), 10,7 кг бекіре уылдырығы, сондай-ақ 134 балық аулау құралы тәркіленді.

Еліміздің балық қорын сақтау және су айдындарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.