
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында жер қатынастарына қатысты мәселелер қаралып, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар және өзге де мәселелер көтерілді.
Министр азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына толық жауап беріп, олардың барлығы мұқият қаралып, назарға алынатынын айтты.
Министрлік басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде қабылдап келеді