
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы азықтық бидайды солтүстік өңірлерден Түркістан облысына көшіруге кірісті. Шілде айының соңына дейін оңтүстік өңірдің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 20 мың тонна бидай жеткізу жоспарлануда.
20 шілдедегі жағдай бойынша Түлкібас кентіндегі элеваторға 14,8 мың тонна азықтық бидай жөнелтілді. Оның ішінде Ақмола облысынан 9,6 мың тонна 3-сыныпты бидай және Солтүстік Қазақстан облысынан 5,1 мың тонна 4-сыныпты бидай жіберілді.
Астықты өңірлер арасында қайта бөлу қорлардың қажетті теңгерімін сақтауға, жеке астық өндірісі шектелген облыстарда тұтынудың ықтимал өсуіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықты тауар биржасы арқылы сатуды жалғастыруда. 2026 жылғы мамырдан шілдеге дейін биржалық алаң арқылы құс, мал шаруашылығы, ұн тарту және басқа да кәсіпорындарға астық сату 91,0 мың тоннаны құрады.
Айта кетейік, құс және мал шаруашылығын қолдау үшін 4-сыныпты бидай белгіленген бағамен сатылады.
Ұлттық астық операторында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін азықтық бидайдың жеткілікті қоры бар және қажет болған жағдайда жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын.