ҚР АШМ-де әкімшілік практиканың бірізділігі және ӘРПК-ны қолданудың сот тәжірибесі талқыланды

ҚР АШМ-де әкімшілік практиканың бірізділігі және ӘРПК-ны қолданудың сот тәжірибесі талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Салтанат Шамшинурованың қатысуымен «Әкімшілік практиканың бірізділігін қамтамасыз ету: сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын қолданудың өзекті мәселелері, сондай-ақ сот тәжірибесінде қалыптасқан заманауи тәсілдер туралы кеңінен мағлұмат берілді.

Сонымен қатар азаматтардың өтініштерін қарау және әкімшілік шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік органдар жиі жіберетін қателіктерге ерекше назар аударылды.

Одан әрі әкімшілік заңнаманы бірізді қолдануды қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінде заңдылық, әділдік және ашықтық қағидаттарын қатаң сақтаудың маңыздылығына баса мән берілді.

Семинарға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттердің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы қосылған аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіруге ықпал етеді.