
Ауыл шаруашылығы министрлігінде
Мемлекеттік қызметші күніне арналған іс-шаралар аясында орталық аппарат, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында шағын футбол мен волейболдан дәстүрлі жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және ұжымдық мәдениетті дамыту.
Жарысқа министрлік пен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлерінен құралған шағын футбол бойынша 12 команда және волейбол бойынша 11 команда қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы Сергей Ли спорттық іс-шаралардың ұжымның бірлігін нығайтудағы маңыздылығын атап өтіп, командаларға сәтті ойын тіледі.
«Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорттық жарыстар – спорттық шеберлікті көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өзара құрметті, командалық бірлікті және ұжымдық рухты нығайтуға ықпал ететін маңызды дәстүр. Жарысқа қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетті.
Министрлік алдағы уақытта да осындай бастамаларды қолдап, дамыту жұмыстарын жалғастыратын болады», – деп атап өтті Сергей Ли.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің командасы иеленді. Екінші орын ҚР АШМ орталық аппаратының командасына, ал үшінші орын Әдістемелік орталықтың командасына бұйырды.
Ал кіші футбол ойыны бойынша “Дала қырандары” командасы жеңімпаз атанып, “Алтын нарық” және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің командасы екінші және үшінші орынға жайғасты.
Марапаттау рәсімі Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын аясында өтеді.
Жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және арнайы аталымдар бойынша марапатталмақ.