
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Заң қызметі департаменті «Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу тәртібі» тақырыбында құқықтық оқыту өткізді.
Онда Заңнама және құқықтық ақпарат институтының сарапшысы Георгий Звягин сараптама жүргізудің негізгі кезеңдерін, осы салада қолданыстағы заңнама талаптарын, сондай-ақ НҚА жобаларын әзірлеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын нормаларды анықтау мен жоюдың тәжірибелік тетіктерін жан-жақты түсіндірді.
Семинарда құқық шығармашылық қызметтің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы жұмысын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты және нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын тиімді іске асыруға ықпал етеді.