Биылғы жылдың басынан бері ҚХР шекарасында 113 тоннадан астам бақылаудағы өнімнің заңсыз әкелінуінің жолы кесілді

Биылғы жылдың басынан бері ҚХР шекарасында 113 тоннадан астам бақылаудағы өнімнің заңсыз әкелінуінің жолы кесілді

Ағымдағы жылы Жетісу облысы Панфилов ауданындағы «Нұр Жолы» ветеринариялық бақылау бекетінде Қытай Халық Республикасынан әкелінетін және транзитпен өтетін жүктерді тексеру кезінде ветеринариялық заңнаманы бұзу бойынша 7 дерек анықталып, жолы кесілді.

Тексеру барысында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы инспекторлары жалпы көлемі 113 тоннадан астам өнімді тоқтатты, оның ішінде 66,4 тонна мұздатылған тауық сұлы еті, 46,8 тонна үйрек еті, 22 тонна балыққа арналған жем бар.

Аталған тауарлардың импорты мен транзиті ҚХР-дан құс шаруашылығы өнімдеріне қатысты елімізде енгізілген қолданыстағы уақытша ветеринариялық шектеулерді бұзғаны анықталды.

Осы дерек бойынша 2 жеке және 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан заңнамасына және ЕАЭО-ның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, өнімдер жоюға болатын, қауіпсіз емес деп танылды.

2026 жылдың наурызы мен мамыры аралығында барлық өнім Панфилов ауданындағы арнайы жабдықталған алаңда өртеу әдісімен толықтай жойылды.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан шекарасы арқылы бақылаудағы жүктерді өткізген кезде белгіленген ережелерді қатаң сақтаудың қажеттігін ескертеді.