
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы үш жыл ішінде алғаш рет 2025 жылды қаржылық тұрғыдан нәтижелі аяқтады. Ұлттық астық операторының таза кірісі 492,4 млн теңгені құрады.
«ҰҚ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагуловтың айтуынша, табыс қарыз жүктемесін азайту, қаржылық міндеттемелерді оңтайландыру және операциялық тиімділікті арттыру бойынша дәйекті түрде жүргізілген жұмыстың жемісі.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астық нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бойынша стратегиялық маңызды мемлекеттік миссияны орындайды.
Соңғы жылдары компания бағаның жоғары құбылмалылығы мен нарықтағы күрделі қиындықтар жағдайында жұмыс істеп келеді. Осыған қарамастан, біз үкімет жүктеген барлық міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен қатар қаржылық тұрақтылығымызды нығайту үшін ауқымды жұмыстар атқардық. 2025 жылдың нәтижесі бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы табысқа жетті, бұл біздің басқарушылық шешімдеріміздің тиімділігін және таңдалған даму жолымыздың тұрақтылығын дәлеледі», - деп атап өтті Ильдар Исмагулов.
Астық сату көлемінің айтарлықтай өсуі қаржылық көрсеткіштердің жақсаруына ықпал етті.
Атап айтқанда,корпорация 2023 жылы 207,9 мың тонна астық сатса, бұл көрсеткіш 2024 жылы 501,1 мың тоннаға дейін өсті. Былтырғы жылдың соңына қарай ішкі және экспорттық жеткізілімдер 1,3 млн тонна болды, бұл 2023жылғы деңгейден бес есе және алдыңғы жылғы көрсеткіштерден екі есе артық.
Астықтың қарқынды сатылуы ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге, экспорттық тасымалдарды кеңейтуге, тауарлық қорлардың айналымын жеделдетуге және компанияның қаржылық жағдайын нығайтуға мүмкіндік берді.
Жүйелі жұмыстың арқасында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жалпы қарызы екі жылда екі еседен астам азайды.
Сонымен қатар, компания қарызды қаржыландыру құрылымын оңтайландырды, тартылған қаражаттың құнын айтарлықтай төмендетті. Бұл қарызға қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
«Бүгінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тұрақты қаржылық базасымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып келеді. Кірісті қалпына келтіру және қарыз жүктемесін азайту аграршыларды қолдау құралдарын одан әрі күшейтуге, ішкі және сыртқы нарықтардағы операциялардың тиімділігін арттыруға, сондай ақ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат міндеттерін іске асыруға жол ашады», - деп атап өтті Ильдар Исмагулов.