Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Гонконгтық Soy Sky Farm Tech Азия елдерінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету туралы келісті

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Гонконгтық Soy Sky Farm Tech Азия елдерінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету туралы келісті

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Soy Sky Farm Tech Company Limited (Гонконг) Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар және бидай ұны экспортын дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестер Гонконгты өңірлік сауда қақпасы ретінде пайдалана отырып, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Азия нарығына шығуына мүмкіндіктер ашуды көздейді.

Бастапқы сатыда тараптар әлеуетті сатып алушылардың қажеттіліктері, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары туралы ақпарат алмасуды, сондай-ақ сауда және логистика саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтауды жоспарлап отыр.

Келісімге сәйкес Soy Sky Farm Tech Co. Ltd  сату арналары мен логистиканы дамытуға ықпал етеді, Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдері бойынша нарықтық сараптаманы ұсынады, сондай ақ қазақстандық соя мен өңделген өнімдерді халықаралық нарықтарда ілгерілетуге қатысады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы өз кезегінде өнімнің экспортқа дайындықғын үйлестіруге, тұрақты жеткізілімді қамтамасыз етуге және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерімен ынтымақтастықты кеңейтуге назар аударады.

Бірлескен қызметтің жекелеген бағыты Қазақстанда соя өндірісі мен өңдеуді дамыту болуы мүмкін. Гонконгтік серіктестер  қазақстандық фермерлерге қолайлы соя тұқымдарын ұсынуға дайын.

Алдын ала келіссөздер барысында қатысушылар ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін форвардтық және басқа да қаржыландыру құралдарын қолдануды  талқылады. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы саясатының егістік алқаптарын әртараптандыруға бағытталғанын ескере отырып, соя өсіруге арналған перспективалы дақыл ретінде қарастырылады.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Самат Теңбаевтың айтуынша, Гонконгтік компаниямен ынтымақтастық Азия нарықтарындағы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Біз шетелдік серіктестеріміздің қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген тұрақты қызығушылығын көріп отырмыз. Гонконгта дамыған сауда инфрақұрылымы және Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі нарықтармен кең байланыс бар. Меморандумға қол қою ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, жаңа сату арналарын іздестіруге және отандық өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжытуға негіз қалайды», - деп атап өтті Самат Теңбаев.

Soy Sky Farm Tech Company Limited ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасын дамытуға, агроөнеркәсіптік кешен үшін шикізат жеткізуге және Азия нарықтарында өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы жобаларды ілгерілетуге маманданған.