
2026 жылғы 28 мамырда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қостанай облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде — Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар және көктемгі дала жұмыстарының барысы.
Кездесу сағат 11:15-те мына мекенжайда өтеді: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 114, «Атамекен» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты +7 (7172) 555-765 телефоны арқылы алуға болады — Асия Нұрпейсова.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.