
Абай облысы Жарма ауданы Кезеңсу ауылындағы «Дәурен» шаруа қожалығын 10 жылдан астам уақыттан бері фермер Нұртуған Манап басқарып келеді. Оның іскерлігімен отбасылық шаруашылық өңірдегі етті мал шаруашылығының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының біріне айналды және дәстүр мен заманауи агротехнологияны ұштастырудың үлгісін көрсетіп отыр.
Шаруашылықтың тарихы 30 жылдан астам уақыт бұрын Нұртуғанның әкесі негізін қалаған кезден бастау алады. Бастапқы кезеңнен-ақ қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасын өсіру таңдалған.
2014 жылы шаруашылықты басқаруды өз қолына алған Нұртуған малдың генетикалық әлеуетін арттыру мен ғылыми тәсілге басымдық берді. Теңдестірілген азықтандыру рациондары енгізіліп, селекциялық жұмыс күшейтілді, жемді түйіршіктеу (грануляция) және кебек қолдану бойынша тәжірибелер жүргізілді. Соның нәтижесінде жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілді, бұқалардың тәуліктік салмақ қосуы 2 кг-ға дейін жетіп, малдың генетикалық әлеуеті артты.
Шаруашылықтың көпжылдық еңбегі республикалық ірі көрмелер мен салалық алаңдарда тұрақты түрде жоғары бағаланып келеді. Салмағы 598 кг-ға дейін жететін бұқалар Lepsi 2023, сондай-ақ Jana Dala/Green Day 2023, 2024 және 2025 көрмелерінде жүлдегер атанған.
2025 жылғы аукционда салмағы 508 кг болатын номинант-бұқа шаруашылық тарихында алғаш рет 6 миллион теңгеге сатылды.
Бүгінде мал басын тұрақты түрде көбейтіліп, селекциялық жұмысты белсенді қолға алынып, өңірдегі етті мал шаруашылығының жетекші кәсіпорындарының бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді.
Нұртуған Манап тек өз шаруашылығын дамытумен шектелмейді. Ол Қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасы республикалық палатасының жұмысына белсене араласып, агроэкспедицияларға қатысады және әріптестерімен тәжіриье алмасуға зор көңіл бөліп келеді.