АШМ-нің үздік қызметкерлері марапатталды

АШМ-нің үздік қызметкерлері марапатталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Жиын барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ведомство қызметкерлерін алдағы Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтап, үздік қызметкерлерге бірқатар марапаттар табыс етті.

Министр ағымдағы ауыл шаруашылығы маусымы күрделі және ерекше кезеңде өткенін және пандемия жағдайында аграрлық саланың ерекше рөлі мен стратегиялық маңызы айқын көрінгенін атап өтті. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және азық-түлікті үздіксіз жеткізуді қамтамасыз еткен, егіс және егін жинау жұмыстары кезінде кедергілерге жол бермеген ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері еңбегінің маңыздылығы артты.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің қызметін қамтамасыз ету жолында мемлекеттік саясатты, ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және экспорттау, саланы дамыту және қолдау үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру, талдау және жаңғырту үшін өз тәжірибесін, білімі мен күш-жігерін салған Министрлік қызметкерлерінің еңбегі зор», - деп толықтырды С.Омаров.

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Мелиорация басқармасының бас сарапшысы Қ.Бейсенбиев, Ішкі аудит департаменті Мониторинг және бағалау басқармасының бас сарапшысы Л.Нүсіпова, АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А.Марс, АӨК МИК «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ басшысы Б.Қалиев, Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Б.Баймағанбетов, ЖРБ Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының бас сарапшысы М.Ергешбаев және Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі басқармасының бас сарапшысы А.Жұмаш марапатталды.

«Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен Жер ресурстарын басқару комитетінің Жерді пайдалану мониторингі және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының басшысы А.Әбдірахманов марапатталды.

Сонымен қатар, республика көлемінде жергілікті атқарушы органдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің атынан ауыл еңбеккерлерін, шаруа қожалықтарының, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да кәсіпорындарының қызметкерлерін құттықтап, медальдармен, төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапаттады.