
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдап, бірқатар өзекті мәселелер бойынша түскен өтініштер қаралды. Олардың қатарында мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, балық шаруашылығы саласы және жер қатынастары тақырыптары бар.
Министр әрбір өтініш бойынша жан-жақты түсіндірме берді.
Барлық сұрақтар мұқият пысықталып, жіті бақылауда болатынын атап өтті. Министрлік басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде қабылдау өткізіп келеді.