
Астанада өтіп жатқан RES – 2026 алаңында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Грузияның Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы министрі Давид Сонгулашвилимен кездесті.
«Біз Грузияны Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі болашағы зор серіктес ретінде бағалаймыз және агроөнеркәсіптік кешендегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндігі зор деп санаймыз. Қазақстан грузин нарығына астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінен бастап ет және сүт өнімдеріне дейін бәсекеге қабілетті өнімдерді деткізіп тұруға дайын.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің жоғары болуы әрі саланы әртараптандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар экспорт көлемін ұлғайтуға жол ашып отыр. Өткен маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша 15,3 млн тонна астық экспортталды, бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш», — деді Айдарбек Сапаров.
Тараптар Қазақстандық бидай, ұн және макарон өнімдерінің Грузия нарығына экспорт көлемін арттыру жолын талқылады.
Кездесу барысында ветеринариялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Екі елдің уәкілетті органдары Қазақстаннан Грузияға асыл тұқымды және тауарлық ірі және ұсақ малды, сондай-ақ союға арналған жануарларды экспорттауға қатысты ветеринариялық сертификаттарды келісті. Бұл мал шаруашылығы өнімдері саудасын дамытуға қосымша мүмкіндік леуге болады.
Қазақстандық кәсіпорындардың тірі шошқа мен шошқа етін экспорттау мүмкіндігі де назардан тыс қалмады. 2025 жылы алғаш рет 884 мың АҚШ долларына 500 тонна өнім жеткізілді.
Кадр даярлау және агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми тұрғыдан пәрменді ету, бірлескен зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы зор.
Өз кезегінде Давид Сонгулашвили екіжақты ынтымақтастық әлеуетінің мықты екенін атап өтіп, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және аграрлық саладағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру арқылы серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.
Соңында кездесу иелері ұзақ мерзімді, өзара тиімді жеткізу тізбектерін қалыптастыруға, сауда әралуандығын кеңейтуге және аталған саланы ілгерлету жолында бірлескен іс-қимылға дайын екендерін жеткізді.