Аграрлық сектор және су теңгерімі: өсімдік шаруашылығындағы маусымдық су тұтыну қалай қалыптасады

Аграрлық сектор және су теңгерімі: өсімдік шаруашылығындағы маусымдық су тұтыну қалай қалыптасады

Қазақстанның аграрлық секторы маусымдық су тұтынуды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл әсіресе суармалы егіншілік тұрақты сумен қамтамасыз етуге тікелей тәуелді оңтүстік өңірлерге тән. Климаттың өзгеруі және су ресурстарына түсетін жүктеменің артуы жағдайында ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалану мәселесі стратегиялық мәнге ие.

Мемлекет басшысының егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы аясында күріш пен мақта сияқты су сыйымдылығы жоғары дақылдардың үлесін қысқартуға ерекше назар аударылуда. Бұл шара су жүктемесін төмендетуге және қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған. Аталған тәсілдер 2024–2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі Жол картасында көрініс тапқан.

Биылғы жылғы вегетациялық кезеңге дайындық фермерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен бірқатар ведомствоаралық кеңестермен қатар жүрді.

Осы ретте желтоқсан айының басында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы егіс құрылымын оңтайландыру мәселелері қаралып, онда су аз қажет ететін дақылдарға көшуге және су үнемдеу технологияларын, оның ішінде тамшылатып суаруды кеңінен енгізуге айрықша назар аударылды.

Жұмысты жүйелі үйлестіру мақсатында құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, салалық кәсіпорындар мен ғылыми қауымдастық өкілдері кірген ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Желтоқсанның ортасына қарай Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен суару суы шектерін ескере отырып, негізгі өңірлердегі егіс алқаптарын пайдалану жоспарлары мақұлданды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы жылы қолжетімді су ресурстарымен, егіс құрылымын теңгеруге қол жеткізілді. Атап айтқанда, күріш алқабы 20,2 мың гектарға, атап айтқанда, Қызылорда облысында — 10,9 мың га, Түркістан облысында — 7,4 мың га, Алматы облысында — 1,9 мың гактарға қысқарды. Бұл шаралар маусымдық су тұтынуды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Мақта алқабының жалпы көлемі 162,4 мың гектарды құрайды, оның шамамен жартысы яғни, 79,8 мың гектары тамшылатып суаруға көшіріледі. Бұл технологияны 29,8 мың гектарға кеңейту және дәстүрлі суару әдістерін 12 мың гектарға қысқарту суды үнемдеумен қатар өнімділікті арттыруға жол ашады.

Қаңтар айында Алматы облысы мен Жетісу өңірінің аграрлық сала өкілдерімен өткен қосымша кеңестер әртараптандыру бағытының жалғасатынын және заманауи агротехнологияларды енгізу жұмыстарының күшейтілетінін растады. Осылайша, экономикалық тиімділік пен табиғи ресурстарды орнықты пайдалану арасындағы тепе-теңдікке негізделген маусымдық су тұтынудың жаңа моделі қалыптасуда.

Жалпы алғанда, вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі Су ресурстары және ирригация министрлігінің тұрақты бақылауында.

Жоспарлау, технологиялық жаңғырту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтитын кешенді тәсіл су тапшылығы тәуекелдерін азайтып қана қоймай, аграрлық сектордың ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттырады.