Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады

Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру сыйақыларын субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

2026 жылғы 16 сәуірден бастап ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өсімдік және мал шаруашылығы салаларындағы ерікті сақтандыру шарттары бойынша мемлекеттік қолдауға өтінім бере алады. Бұл тетік фермерлердің сақтандыру шығындарын едәуір азайтып, тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында аграрийлер жаздық дақылдардың егістіктерін топырақтағы артық ылғалдан, көпжылдық екпелерді, соның ішінде алма бақтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын – ірі және ұсақ малды, жылқы, шошқа мен құсты сақтандыра алады.

Бағдарламаның басты артықшылығы – мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейі: сақтандыру сыйақысының 80 пайызы бюджет есебінен субсидияланады, ал қалған 20 пайызын шаруалар өз қаражаты есебінен төлейді.

Өтінім қабылдау мерзімі шектеулі. Жаздық дақылдарды сақтандыруға өтінімдер 2026 жылғы 30 маусымға дейін қабылданады, ал көпжылдық екпелер бойынша – 31 қазанға дейін.

Фермерлер өтінімдерді АӨК-тегі сақтандырудың ақпараттық онлайн жүйесі арқылы, Kezekte.kz платформасында бере алады.