Қазақстан ҚХР-ға жемшөп қоспаларының үздіксіз экспортын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде

Қазақстан ҚХР-ға жемшөп қоспаларының үздіксіз экспортын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде

үгін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде салалық қауымдастықтардың, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ және экспорттық компаниялардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Экспорттаушыларға ҚХР БКБ фитосанитариялық талаптарының жаңартылуы жағдайында Қытай нарығына жемшөп ұнын жеткізудің ағымдағы алгоритмі түсіндірілді және жаңа ережелер туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.

Қытай тарапынан талаптардың өзектіленуіне байланысты қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындарды өнімнің жаңа түріне — 80% бидай мен 20% арпадан тұратын жемшөп қоспасына қайта тіркеу жүргізілуде.

Бүгінгі күні ҚХР БКБ тиісті тізіліміне (реестріне) 96 отандық кәсіпорынның 27-сі енгізілді, ал қалған нарық қатысушылары бойынша қайта тіркеуге өтінімдер жіберілді. Жемшөп қоспасын экспорттауға құжаттар қабылдау 2026 жылғы 9 сәуірді қоса алғанға дейін жалғасады.

Кеңес қатысушыларына бұл өзгерістер рәсімдік сипатқа ие екендігі және жеткізілімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес жүйелеуге бағытталғандығы түсіндірілді, бұл ұзақ мерзімді перспективада экспорттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

ҚР АШМ жаңа талаптар күшіне енгенге дейін өнімі жөнелтілген кәсіпкерлерді қолдау бойынша белсенді шаралар қабылдауда және өткізу пункттерінде іркілістер мен жүктердің жиналуына жол бермеу үшін құрамдардың шекара арқылы жедел өтуіне жан-жақты көмек көрсетуде.

Қазақстандық өнімнің Қытайға экспортының қарқынын сақтау және арттыру тұрақты бақылауда.