Қазақстанда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ғылым онкүндігі басталады

Қазақстанда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ғылым онкүндігі басталады

Аграрлық ғылым елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуда және технологиялық тәуелсіздікке қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Ғылым күні қарсаңында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» және оның еншілес ұйымдары отандық аграрлық ғылым жетістіктерін кеңінен таныту, қазақстандық ғалымдардың еңбегін көрсету және ғылымға қызығушылықты арттыру мақсатында ғылым онкүндігін бастайды.

Оның шеңберінде еліміз бойынша жүзден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен дәрістер, көрмелер мен тәжірибелік көрсетілімдер, ғалымдармен кездесулер, сондай-ақ тәжірибе алқаптарына экскурсиялар мен көшпелі іс-шаралар бар.

Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды. Оған мектеп оқушылары, студенттер, агробизнес өкілдері және барлық мүдделі азаматтар қатысады.

Бағдарлама «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» ресми сайтында — NASEC.kz — жарияланған.