Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, онда әртүрлі тақырыптағы өзекті мәселелер бойынша өтініштерді қарады.

Олардың қатарында ветеринариялық бақылау және қадағалау, жер қатынастары және АӨК цифрландыру мәселелері бар.

Министр өтініштер мен ұсыныстарға жан-жақты тоқтала келіп, олардың барлығы одан әрі мұқият пысықталатынын атап өтті.

Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдау жүргізеді.