Ауыл шаруашылығы министрі Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы министрі Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді

2026 жылғы 28 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібіндегі мәселе – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қабылданған шаралар».

Кездесу сағат 11:00-де Қостанай қаласы, Федоров тас жолы бойымен Индустриалды аймаққа қарама-қарсы, салынып жатқан «Надеждинка» ЖШС сүт-тауар фермасы мекенжайында өтеді.

Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат телефоны: +7 (7172) 555-765 – Әсия Нұрпейісова.

Өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды келесі электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: targynova.k@minagri.gov.kz.