
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті алғаш рет QS World University Rankings by Subject 2026 халықаралық пәндік рейтингіне енді (https://www.topuniversities.com/universities/saken-seifullin-kazakh-agrotechnical-research-university)
Университет “Agriculture & Forestry” («Ауыл және орман шаруашылығы») бағыты бойынша 351–400 аралығындағы орынға ие болды.
Бұл жетістік университеттің білім беру және ғылыми қызметінің сапасын, сондай-ақ халықаралық академиялық кеңістіктегі ұстанымының нығайып келе жатқанын көрсетеді.