
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.
Министр жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Якорь ауылындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.
Дауыс беру күні бүкіл ел бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері республикалық референдумға қатысуда.