Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудағы әйелдердің рөлі талқыланды

Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудағы әйелдердің рөлі талқыланды

Қазақстан жаһандық бастамаларды белсенді қолдап, әйелдер маңызды рөл атқаратын әділ әрі тұрақты азық-түлік жүйелерін қалыптастыруға ұмтылады.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің АгроТехноПаркі базасында «Empowering Women Farmers: Cultivating Change for a Sustainable Future» («Әйел фермерлердің әлеуетін арттыру: тұрақты болашақты бірге қалыптастыру») атты халықаралық іс-шара өтті.

Іс-шараны FAO Kazakhstan, UN Women Kazakhstan, Нидерланд Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшілігі және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бірлесіп ұйымдастырды.

FAO Kazakhstan бағдарламаларының үйлестірушісі Жаныл Бозаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 2026 жылды Халықаралық әйел фермер жылы деп жариялағанын еске салды. Бұл бастама әйелдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, ауылдық аумақтарды дамытудағы және тұрақты агроазық-түлік жүйелерін қалыптастырудағы маңызды рөлін мойындауға бағытталған.

«Әйел-фермерлердің халықаралық жылы осы жағдайды өзгертуге, әйелдерге даму мен көшбасшылық үшін көбірек мүмкіндік беруге бағытталған», – деді ол.

UN Women ұйымының Орталық Азиядағы байланыс кеңсесінің басшысы Джерен Гювен Гюрэс тұрақты даму азық-түлік жүйелерінде әйелдердің тең қатысуынсыз мүмкін емес екенін атап өтіп, аграрлық салада олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Нидерланд Корольдігі Елшілігінің адам құқықтары жөніндегі үйлестірушісі Амина Құсайынова ауыл шаруашылығында гендерлік теңдікті ілгерілету тәжірибесімен бөлісті.

ЖОО студенттері гендерлік теңдік, азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығындағы әйелдердің рөлі мәселелері бойынша интерактивті пікірталас пен викторинаға қатысып, сарапшыларға сұрақтар қойып, аграрлық саланың дамуына қатысты өз көзқарастарымен бөлісті.

2026 жыл – Халықаралық әйел фермер жылы ауыл шаруашылығындағы әйелдердің рөлін мойындаудың символына айналып, гендерлік теңдікті ілгерілетудегі маңызды кезең болды.