Түркістан облысындағы «Экокультура Евразия» жылыжай кешенінде қызанақтың алғашқы өнімі жиналды

Түркістан облысындағы «Экокультура Евразия» жылыжай кешенінде қызанақтың алғашқы өнімі жиналды

Түркістан облысында «Экокультура Евразия» жылыжай кешені қызанақтың алғашқы өнімін жинап, оны Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтуді бастады.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары мен өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосу жалғасуда. Соған қарамастан, кешен қазірдің өзінде өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне өтіп отыр.

Жалпы аумағы 40 гектар аумақта негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды — металл конструкциялар орнатылып, инженерлік желілер қосылды, қазандық пен жанар-жағармай материалдарына арналған қойма салынды. Логистикалық инфрақұрылым нысандары салынуда. Сегіз жылыжай блогының төртеуі іске қосылып, алғашқы өнім алуға мүмкіндік берді.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 42 млрд теңгені құрайды. Жоспарланған өндірістік қуаты — жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіру. Нидерландтан жеткізілген заманауи жабдықтар өсіру үдерістерін автоматтандыруды, оңтайлы микроклиматты сақтауды және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

Кешенді толық пайдалануға беру ағымдағы жылдың көктеміне жоспарланған.