
Онда агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыруды қолдау, жылыжай шаруашылығын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қолдау мен субсидиялау шараларына қатысты өтініштер қаралды.
Министр барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктері мен субсидия алу тәртібін түсіндірді. Әрбір өтініш бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар берілді.
Ведомство басшысы көтерілген мәселелер жан-жақты пысықталатынын, ал ұсыныстар министрліктің алдағы жұмысында ескерілетінін жеткізді.
Министрлік басшылығы
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді.