Олжас Бектенов диқандарға жеңілдетілген несие беру рәсімін оңайлатуды және цифрландыруды тапсырды

Олжас Бектенов диқандарға жеңілдетілген несие беру рәсімін оңайлатуды және цифрландыруды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізудің дайындық мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді:  

Несие алу үшін қажетті анықтамаларды қағаз түрінде тапсырмай, цифрлы нұсқаға көшу Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Цифрлық даму министрлігмен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, диқандарға тиімді әрі ашық мемлекеттік қолдау көрсету үшін жеңілдетілген несие берудің техникалық рәсімін оңайлатып, оны цифрлық форматқа ауыстыруды тапсырды.  

Арзандатылған отынның жеткізілуін бақылау Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыс әкімдіктері арзандатылған отынның тиісті көлемде жеткізілуін қатаң бақылауға алсын. Әкімдіктер бір апта ішінде өңірлік операторлар туралы толық және өзекті мәліметтерді ұсынсын. Бөлінген жанар-жағармайдың талан-таражға түсуіне жол берген тұлғаларға қатысты құқық қорғау органдары барынша қатаң шаралар қабылдауы қажет.  

Вегетациялық кезеңде егінге қажетті сумен үздіксіз қамтамасыз ету Диқандарды тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге ынталандырып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту керек. Солтүстік және шығыс өңірлердің әкімдіктері қар тоқтату және су қорын жинау шараларын жүргізуі қажет.  

Ауа-райының өзгеруіне жедел ден қою Экология министрлігіне егін егу мерзімдерін алдын ала жоспарлау және ауа-райының өзгеруіне жедел ден қойып, шаруаларға метеорологиялық болжамдарды уақтылы беру туралы тапсырма берілді.  

АӨК өнімінің көлемін ұлғайту бойынша индикаторларды орындау Облыс әкімдіктеріне егін егу жұмыстарын жүргізу барысында агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту бойынша индикаторларға қол жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарының уақтылы жүргізілуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.