
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі диқандарды цифрлық шешімдерді кеңінен қолдануға және су ресурстарын оңтайлы басқару мақсатында цифрландыруды пайдалануға ынталандыру қажеттігін атап өтті.
Өзекті мәселенің бірі – ауыл шаруашылығы техникасының әзірлігі. Ол бүгінге шамамен 80%-ды құрайды. Жаппай егіс жұмыстары басталғанша бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу тапсырылды.