
ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов егін егу кезінде агротехнология талаптарын қатаң сақтап, тыңайтқыштарды уақтылы себу және өсімдіктерді зиянкестерден қорғау құралдарын қолдану қажеттігін атап өтті – бұл шаралар болашақ егіннің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болмақ.
Осыған байланысты мемлекеттік органдарға ғылыми нормаларға сәйкес тыңайтқыш себу жоспарларын жүзеге асыруды жеделдету тапсырылды, бұл егін шаруашылығындағы өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Одан бөлек, өңірлерде озық ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, құрғақшылыққа төзімді технологияларға көшу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруыдың маңыздылығына назар аударылды.