Мемлекет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде: Олжас Бектенов егіс науқанына 1 трлн теңге бөлу туралы

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде: Олжас Бектенов егіс науқанына 1 трлн теңге бөлу туралы

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тиісті тапсырмалары аясында аграрлық маусымды сапалы өткізу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Егін егу және күзгі жиын-терін жұмыстарын қаржыландыру көлемін былтырғыдай 1 трлн теңге деңгейінде қалдырдық. Оның ішінде техниканы лизингке алуға 300 млрд теңге қаралған. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде Фермерлер үшін жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна жанармай бөлу көзделіп отыр, — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Бұл ретте жоспарланған шараларды тиімді әрі уақтылы жүзеге асыру өте маңызды. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік қолдау жауапкершілігі жоғары әрі жұмысына адал диқандарға ғана көрсетілуге тиіс. Әкімдіктер бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тұрақты бақылауға алуы қажет. Ол үшін цифрлық технологияларды кеңінен пайдаланған жөн. Мемлекет басшысы жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсырмалар берді, — деп атап өтті Премьер-министр.