
Түркістан облысында осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 8 мың гектарға артып 919 мың гектарға орналастырылатынын, егіс құрылымына сәйкес, мақта 17 мың гектарға, жүгері 15 мың гектарға, мақсары 16 мың гектарға артатынын мәлімдеді. Су шығынын алдын алу мақсатында күріш 7 мың гектарға және бидай 25 мың гектарға қысқартылады.
Аталған көлемдер Облыстың ішкі қажеттіліктерінен 2-3 есе жоғары. Артық өнім республиканың басқа өңірлеріне сатылатын болады.
Дала жұмыстарына қажетті тұқым, минералды тыңайтқыштар, кредиттік ресурстар бөлу шаралары атқарылуда. Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілді.
Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында, отандық зауыттармен облысқа қажетті тасымалдау көлемі келісілді. Жол картаға сәйкес, осы жылы егіс алқаптарына 204 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді несиелендіруге 36,8 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бүгінгі күнге 7,2 млрд теңгеге 331 жоба қаржыландырылды.
Дала жұмыстарын жүргізуге техникалар мен агрегаттар 98% дайындықпен жұмыстарды бастады.