
Петропавл қаласында ғылыми мекемелердің, тұқым шаруашылықтарының, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, сондай-ақ аграрлық сектордағы отандық және шетелдік компаниялардың өкілдерін біріктірген ІІ халықаралық «Тұқым-2026. Қызылжар» конференция-көрмесі өтті.
Салалық кәсіби алаң тұқым шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін, егістік материалдарының сапасын арттыруды, заманауи агротехнологиялар мен цифрлық шешімдерді агроөнеркәсіптік кешенге енгізу жолдарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар саланы мемлекеттік қолдау, селекция және сорттарды жаңарту, гибридті және элиталық тұқымдарды қолдану, сондай-ақ ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мәселелерін қарастырды. Инновациялық шешімдерді енгізудің практикалық тәжірибесіне және аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Көрме экспозициясында аграрлық секторға арналған тұқым материалдарының кең ауқымы, ауыл шаруашылығы техникасы, цифрлық шешімдер мен технологиялық әзірлемелер ұсынылды.
Көрмеге барлығы 50 компания қатысып, әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларға бейімделген 150-ден астам тұқым түрін таныстырды.
Конференция-көрменің өткізілуі кәсіби қауымдастықтың тұқым шаруашылығын көркейтуге деген белсенді іс-қимылдарын көрсетумен қатар, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту мақсатында мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.