Шымкентте жалпы пайдалануға арналған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкентте жалпы пайдалануға арналған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкент қаласы жер ресурстарын басқару департаменті (ҚР АШМ ЖРБК) жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында, 2005 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің шешімімен жеке тұлғаға жер заңнамасы талаптарын сақтамай, жалпы пайдалануға арналған 0,1 га жер телімі жеке меншікке берілгені анықталды. Бұл жер учаскесі «техникалық қызмет көрсету станциясы, сауда орталығы және сұлулық салонын» салуға арналған.

Еліміздің Жер кодексінің 26-бабына сәйкес, жалпы пайдалануға арналған аумақтарда орналасқан жер телімдері жеке меншікке берілмейді.

Анықталған заң бұзушылықты жою мақсатында департамент Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер бойынша сотына Шымкент қаласы әкімдігінің шешімін және сатып алу-сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Сот талап арызды толық қанағаттандырды.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, ал алғашқы сот шешімі өзгеріссіз қалды.