«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ШЕШІМ

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ШЕШІМ

2026 жылғы 20 қаңтарда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (бұдан әрі − Қоғам) тәуелсіз директорларын іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Тәуелсіз директорлардың үш бос лауазымына ашық конкурстық іріктеу шеңберінде Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына 11 өтінім берілді. Комиссия конкурстық іріктеу тәртібіне және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттарға тексеру және кандидаттармен әңгімелесу жүргізді.

Қарау нәтижелері бойынша Комиссия талаптарға сәйкес деп таныды және жалғыз акционерге − Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне келесі кандидаттарды тәуелсіз директорлар ретінде сайлау үшін ұсынды:

  1. Бисетаев Қайрат Серікбайұлы;
  2. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы;
  3. Хаиров Еран Картайұлы.

Шешім бірауыздан қабылданды.