
2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Ақ Бидай-Терминал» АҚ арқылы астықты ауыстырып-тиеу көлемі 316,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 72%-ға артық (182,1 мың тонна).
Жеткізу негізі арпа – 298,1 мың тоннаны құрады, қалған үлесі бидайға – 18,4 мың тоннадан келді.
Экспорттың басты бағыты қазақстандық астыққа тұрақты қызығушылық танытатын Иран Ислам Республикасы болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Иранға 900 мың тоннаға жуық астық экспорттады.
Өткен жылдың екінші жартысында жеткізілім логистикасына Ақтау – Каспий теңізінің Иран порттары бағытындағы теңіз флотының уақытша тапшылығы, ауа райы жағдайлары, сондай-ақ Ирандағы геосаяси жағдайдың өзгеруі сияқты факторлар әсер еткенін атап өткен жөн.
Ирандық сатып алушылар тарапынан сұраныстың жандануын ескере отырып, 2026 жылы «Ақ Бидай-Терминал» арқылы ауыстырып-тиеу жоспары 400 мың тоннаны құрайды. Экспорттық жөнелтулер үшін қосымша ынталандыру Каспийде түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу болмақ, оның бірінші кезеңі ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде.
Астық терминалы жүк жөнелтушілерден астықты қабылдауды және оны ауыстырып-тиеуді қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істейді.
Айта кетейік, «Ақ Бидай-Терминал» АҚ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Оның негізгі қызметі – астықты теміржол көлігінен Ақтау портында теңіз кемелеріне ауыстырып-тиеу. Астық кешені Ақтау портында орналасқан, ол 2002 жылы салынған және Каспий өңіріндегі ең үлкені болып саналады. Терминал жылына 600 мың тонна астықты ауыстырып-тиеу қуатына ие.