Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдап, өзекті мәселелер бойынша кең ауқымды өтініштерді қарады.

Олардың қатарында мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бар.

Министр азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жан-жақты жауап беріп, олардың барлығы алдағы уақытта да мұқият пысықталып, басты назарда болатынын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп келеді.