
Жетісай қаласында кәсіпкер Ақбаян Алтауова күріш өңдейтін цех ашты.
Қажетті жабдықтар кәсіпкердің Қытайдан тартылған 190 млн теңге көлеміндегі инвестициялық қаражаты есебінен сатып алынды.
Цехтың тәуліктік қуаттылығы — 7 тонна шикізат. Дайын өнім өңірдегі сауда нүктелерінде, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында сатылуда.
Кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда Жетісай қаласына 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жалпы 8 жоба жүзеге асырылды, алдағы жылдарға тағы 6 жобаны қолға алу межеленіп отыр.