Жас ғалымдарға мемлекеттік қолдау: 10 жас зерттеушіге тұрғын үй сертификаттары табысталды

Жас ғалымдарға мемлекеттік қолдау: 10 жас зерттеушіге тұрғын үй сертификаттары табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 10 жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Бұл бастама жас ғалымдарды қолдауға, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Аталған іс-шара барысында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің үш жас ғалымы тұрғын үй сертификатына ие болды. Атап айтқанда, Сарсикеев Е.Ж., Аутелеева Л.Т. және Искаков Б.

Айта кету керек, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қолдау шаралары жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға зор ықпал етеді.