AGROMASH АӨК-тегі отандық машина жасаудың позициясын нығайтуда

AGROMASH АӨК-тегі отандық машина жасаудың позициясын нығайтуда

2025 жылы отандық машина жасау Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі (АӨК) өз позициясын сенімді түрде нығайта түсті. Бұл үдерістің негізгі қозғаушы күштерінің бірі — AGROMASH зауыты. Жыл қорытындысы бойынша кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, жетекші халықаралық брендтермен әріптестігін кеңейтті және бүгінде елдің ауыл шаруашылығы техникасы нарығының шамамен 40%-ын иеленіп отыр.

2025 жылдың қорытындылары тұрақты оң динамиканы көрсетті. Тракторлар мен комбайндар өндіру жоспары 110%-ға орындалды. Трактор өндірісі 9%-ға өсіп, жылдағы негізгі серпілістердің біріне айналды. LOVOL тракторлары нарықта қайтадан көшбасшы орынға шықты — барлығы 1 242 бірлік өндірілді.
Сондай-ақ 2025 жылы зауытта 395 комбайн (15% өсім), 1 203 тіркемелі және аспалы техника бірлігі (20% өсім) шығарылды.

«Зауыт локализацияны жүйелі түрде тереңдетіп, заманауи технологияларды енгізіп келеді. 2026 жылға арналған жоспарымыз — өндірістік көрсеткіштерді шамамен 27%-ға арттыру. Атап айтқанда, Amazone егіс кешендерінің өндіріс көлемі екі есеге ұлғаяды. Біз LOVOL тракторлары мен Essil комбайндарының кабиналарын өндіруді игердік және локализацияны одан әрі тереңдетуді жалғастырып жатырмыз. Жалпы, биыл зауытта 400 мыңнан астам компонент бірлігі өндірілді. Бұдан бөлек, жаңа жыл қарсаңында роботтандыру есебінен өндірістік қуаттарды күшейттік — роботтандырылған шешімдерді енгізу процестерді автоматтандырып, дәнекерлеу жіктерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Модернизация және ХТС-процесін енгізу құю өндірісінің тиімділігін арттырып, өнімділікті алты есе ұлғайтты», — деп атап өтті AGROMASH өндіріс жөніндегі директоры Бахтияр Балғужин.

2025 жыл сала үшін бетбұрыс кезең болды. Компания бүгінде қазақстандық егіс алқаптарында нақты жұмыс істеп жатқан жобаларды — техникада, технологияларда және сервисте — іске асырды.
AGROMASH коммерциялық директоры Николай Пархоменко компания аграршылардың нақты қажеттіліктеріне бағдарланатынын атап өтті. Биыл сериялық өндіріспен қатар жаңа әзірлемелер сыннан өткізілді, олардың қатарында астық, бұршақ тұқымдас және майлы дақылдарға арналған, өнім шығыны аз отандық жатка бар. 2026 жылы қазақстандық фермерлерді жаңа модельдер күтеді — қуаты 300 ат күшіне тең LOVOL тракторы және тоғыз метрлік жаткасы бар, төмен кесу жаткаларын бейімдеу мүмкіндігі қарастырылған LOVOL GK 150 комбайны.

2025 жылдың көктемінде AGROMASH зауыты базасында John Deere компаниясының өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техникасын өндіру басталды. Ағымдағы маусымның өзінде-ақ локализациялау орталығынан отандық үлесі бар тракторлар, комбайндар және бүріккіштер жөнелтілді. Жыл қорытындысы бойынша Қостанайда John Deere техникасының 430 бірлігі өндірілді.

Жылдың басты оқиғаларының бірі — Қазақстан мен John Deere арасында 2,5 млрд АҚШ доллары сомасына стратегиялық келісімге қол қойылуы болды. Құжат Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Бәйтерек» ҰК» АҚ, AGROMASH зауыты, Eurasia Group AG және John Deere Walldorf International GmbH тарапынан рәсімделді.

Келісім Қазақстанда заманауи агротехнологиялық кластер құруды, Қостанай мен Түркістанда John Deere техникасының 3 000-нан астам бірлігін өндіруді, үш сервистік орталық пен екі қосалқы бөлшектер хабын салуды, сондай-ақ қазақстандық инженерлерді АҚШ пен Еуропадағы John Deere зауыттарында даярлауды және жаңа цифрлық мамандықтарға арналған білім беру орталығын іске қосуды көздейді.

Астана, Петропавл және Павлодар қалаларында сервистік орталықтар салынатын болады. 2026 жылы Көкшетау мен Түркістанда ірі қосалқы бөлшектер хабтары іске қосылып, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартып, сервистің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Қазақстан ТМД елдері үшін John Deere компаниясының өңірлік логистикалық хабы мәртебесін нығайта түседі.