Ауыл шаруашылығы министрлігінде орталық аппарат пен ведомствоға бағынышты ұйымдардың қызметкерлеріне құқықтық оқу ұйымдастырылды. Іс-шара ZOOM-конференция форматында, заң қызметі департаментінің директоры Жанна Сююмбаеваның төрағалығымен өтті.
Онда құқық қолдану тәжірибесіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, қатысушыларға сот актілерін аппеляциялық және кассациялық тәртіпте шағымдану құқығын келісу жөніндегі сұраныстарды қарау алгоритмі түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық сотының шешімдерін орындау бойынша негізгі ережелер айтылды.
Әсіресе, сот шешімдеріне шағымдану тәртібі мен мерзімдеріне, процессуалдық құжаттарға қойылатын талаптарға және соттық және конституциялық актілерді орындауда заңнаманы біркелкі қолдануға барынша назара аударылды.
Құқықтық оқуға қатысушыларға барлық тақырыптар бойынша толық түсіндірмелер берілді. Іс-шара барысында министрліктің қызметкерлері қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Мұндай оқу шараларын өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық қолдану практикасында біртұтас тәсілдерді қалыптастыруға және министрлік қызметінде заң нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.