Солтүстік Қазақстан облысында жылына 750 мың тонналық қуаты бар жем комбинатының құрылысы аяқталуға жақындады

Солтүстік Қазақстан облысында жылына 750 мың тонналық қуаты бар жем комбинатының құрылысы аяқталуға жақындады

Солтүстік Қазақстан облысына жұмысы аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров негізгі агроөндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда министр «Новоишимский мелькомбинат» серіктестігіне қарасты жем комбинатының құрылысының тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорын заманауи автоматтандырылған желілермен жабдықталған және жылына 750 мың тонна өнім шығаруға есептелген. Жобада сыйымдылығы 9 мың тонна элеватор, тазалау және орау цехтары, роботтандырылған қойма қарастырылған. Жобаның құны — 4,1 млрд теңге.

Қазіргі уақытта негізгі жабдықтар монтаждан өтіп, іске қосу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынды биылғы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Жобаның жүзеге асуы өңірдің мал шаруашылығы кәсіпорындарын сапалы жеммен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров «Буденное СК» серіктестігіндегі 1 200 бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлық ферманың құрылысы барысымен танысты. Жобаның құны — 9,0 млрд теңге. Ферманың жобалық қуаты — жылына 10 мың тонна сүт өндіруге жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары іс жүзінде аяқталды. Биылғы жылдың соңына дейін голштин-фриз тұқымды 660 бас ірі қара мал жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, биыл аталған облыста 14 сүт-тауарлы ферманың құрылысы үшін барлығы 13,2 млрд теңге қаржы бөлінді.