
Аймақта агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі инвестициялық жоба аяқталды.
Алтай ауданының Полянское ауылында 1 075 бас сауын сиырға арналған сүт-тауарлы фермасы іске қосылды.
«Мойылды-Байқоңыр» серіктестігіне қарасты жоба АӨК инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Қаржыландырудың жалпы көлемі 4,7 млрд теңгені құрады.
Қаржы өндірістік нысандарды салуға, заманауи технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға, сондай-ақ асвл тұқымды ірі қара малын алуға бағытталды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған, нысан пайдалануға берілді.
Сүт-тауарлы фермасын іске қосу кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Жақын күндері асыл тұқымды малдың кезекті партиясын жеткізу күтілуде.
Жаңа жылға жеткізбей алғашқы өнім алу жоспарланып отыр.
Жоба мықты азық-түлік базасымен қамтамасыз етілген. Шаруашылықтың иелігінде 2 323 га егістік жер бар.