
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ сататын агроөнімдердің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде Қытайға кезекті 7 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді. Жөнелтуді «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС жүзеге асырды, импорттаушы қытайлық Shandong Hi-Speed Qilu International Port Development компаниясы болды.
Экспорттық жеткізу Бейжіңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Shandong Hi-Speed Logistics Group мемлекеттік инвестициялық тобы арасындағы келісімдердің жалғасы болды. Келісімге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының Қытайға сапары барысында қол қойылды, онда тараптар дәнді, жемдік және майлы дақылдарды жеткізуде стратегиялық ынтымақтастықты дамыту ниетін растады.
2025 жылы мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтіліп, астық өндірушілерге де, қайта өңделген өнімдерді жеткізушілерге де қолданылады. Экспортты шоғырландыру бағдарламасы аясында отандық кәсіпорындар Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдауымен қытайлық серіктестермен жалпы сомасы 29,6 млн долларға 5 келісімшарт жасасты. Нәтижесінде қазақстандық өңдеушілер ҚХР-на 9 000 тоннадан астам жемдік ұн мен 3 000 тонна күнбағыс майын жөнелтті.
Қытайға экспорттық жеткізілімдерді дамытуға Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Бейжіңдегі өкілдігі белсенді ықпал етті, ол отандық агроөнеркәсіптік кешендерге Қытай нарығына шығуға және шетелдік серіктестер желісін құруға көмектеседі.
Ұлттық астық операторының қайта өңделген агроөнімдер экспортын ынталандыру жөніндегі күш-жігері Мемлекет басшысының Қазақстандағы терең қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін ұлғайту және дайын өнімді шетелдік нарықтарға жеткізу туралы тапсырмасына сәйкес келеді. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады, сонымен қатар ішкі бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.