Еңбек адамы. Адал еңбекке 45 жыл: механизатор Олег Красковтың қызмет жолы

Еңбек адамы. Адал еңбекке 45 жыл: механизатор Олег Красковтың қызмет жолы

Ауыл шаруашылығының табысы әрдайым маңдай тері санаулы жылдармен емес, зымыраған уақытпен өлшенетін еңбекке адал, мақсатқа берік азаматтардың адал еңбегіне байлаулы.
Ондай азаматтар саланың тірегі, кәсіби шеберліктің және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісіне айналған жандар.

Солардың бірі — Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Целинное-2004» ЖШС механизаторы Олег Красков. Ол сүйікті кәсібіне 45 жылын арнаған.

Мектепті бітіре салысымен Олег Александрович өз тағдырына айналған жолды таңдады. Алдымен совхозға қарапайым жұмысшы ретінде орналасты, кейін «Дружба» ЖШС-де еңбек етті. Ал 2013 жылы өңірдегі ең ірі шаруашылықтардың бірі — «Целинное-2004» ЖШС құрамына қосылды.

Осы уақыттарда жан аямай еңбек етіп, жер жыртып, дән сеуіп, егін өсіріп, өнім жинап келді. Жылдың әр мезгілінде, кез келген жағдайда ауыл шаруашылығы техникасының тізгінінде болды.

Өз тәжірибесінде аграрлық техниканың тұтас бір дәуірінің өзгерістерін бастан өткерді. Аты аңызға айналған Т-4-тен бастап заманауи, кондиционерлері бар, басқару жүйелері ыңғайлы, интеллектуалды механизмдермен жабдықталған шетелдік қуатты тракторларға дейін қолынан өтті.

Техниканы меңгеру оған еш қиындық туғызған емес, себебі ол техникаға ерекше құрметпен, терең түсінікпен және кәсіби көзқараспен қарайды.

Қазіргі техниканың мүмкіндігі көп болғанымен, ол терең білім мен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Олег Красков мұның бәрін оңай атқарып қана қоймай, қажет жағдайда техниканы өзі жөндеп алады.

«Целинное-2004» — облыстағы ең тұрақты және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Мұнда өнім өндіретін адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлерге тұрғын үй салынып, жайлы еңбек жағдайлары жасалған, техника үнемі жаңартылып отырады. Сол себепті тәжірибелі механизаторлар бұл жерде жылдар бойы еңбек етуді жалғастырады. Себебі бұл жерде мамандарды бағалайды және олар үшін лайықты орта қалыптастырады.

Олег Красковтың былай дейді:

«Біздің шаруашылықта бәрі бар — техника жаңарып тұрады, жағдай жақсы. Жұмыс істеу жеңілдеді, көп нәрсе автоматтандырылған. Ең бастысы — жұмысты жан-тәніңмен жасау».

Механизаторлардың, тракторшылардың, комбайншылардың еңбегі көп жағдайда көлеңкеде қалады.
Бірақ өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін және тұрақты дамуын қамтамасыз етуде осы мамандық иелерінің үлесі зор екенін ерекше айту керек.

Олег Красковтың еңбек жолы — жүрек қалауымен таңдалған мамандықтың өмірдің мәніне айналып, қуаныш сыйлап, жетістікке жеткізудің айқын дәлелі.

Ол бүгінде ауылдың болашағы зор екенін сеніммен айтады.

Және жастарды аграрлық саланы таңдауға үндейді, оның пікірінше, мұнда тұрақтылық бар, мүмкіндік мол және ең бастысы — туған жерде еңбек етіп, еліңнің алғысына, ризашылығына бөленуге болпды.