
Акцияға осы кезеңде берешегі болған және сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушылары – заңды және жеке тұлғалар қатысады. Қатысушылар қарызды өсімпұлсыз өтей алады.
Өсімпұлды есептен шығару қарыз алушы төмендегілерді толық өтеген кезде ғана жүргізіледі:
мерзімі өткен сыйақы сомасы;
мерзімі өткен негізгі борыш сомасы;
айыппұл сомасы.
Әрбір қатысушы акцияны тек бір рет пайдалана алады.
Акцияға қатысу үшін 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына қаржы аудару арқылы мерзімі өткен берешекті өтеу қажет.
Ол үшін 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына ақша аудару арқылы қарызды өсімпұлсыз өтеуге болады.
Толық ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар. Сондай-ақ 5353 (Kcell, Activ, Beeline) және +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel) Call-орталық нөмірлеріне хабарласуға болады.