Қазақстан мен Швейцария ветеринария бағытындағы әріптестікті нығайтады

Қазақстан мен Швейцария ветеринария бағытындағы әріптестікті нығайтады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов Швейцарияның ауыл шаруашылығы өнімдері экспорттық платформасының директоры Дженнифер Сауринамен жүздесті. Кездесу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және жануарлардан алынатын өнімдердің халықаралық сауда рәсімдерін жетілдіруге арналған.

Тараптар екі елдің ветеринариялық қызметтері арасында бірлескен жұмыс тобын құру, ірі қара малдың генетикалық материалын әкелу перспективалары, сондай-ақ эпизоотикалық жағдайға байланысты енгізілген уақытша шектеулерді алып тастау бойынша маңызды қадамдарды талқылады.

Қазақстандық тарап импортқа қатысты сұранымдарды қарастыру үшін ЕАЭО елдеріне экспорттау жоспарланып отырған кәсіпорындардың тізімін, сондай-ақ қолданыстағы шектеулер қойылған аурулардың жойылғанын растайтын эпизоотикалық ахуал жөніндегі өзекті ақпаратты ұсыну қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, бірлескен инспекцияларды жүргізудің мерзімдері мен тәртібін айқындау қажеттігіне наза аударылды.

Генетикалық материалды әкелу мәселелері қолданыстағы шектеулер жойылғаннан кейін және тек ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда ғана қаралатын болады.

Дженнифер Саурина келіссөздердің сындарлы жағдайда өткенін жоғары бағалап, қажетті құжаттарды жедел түрде ұсынуға, сондай-ақ Комитетпен техникалық консультацияларды жалғастыруға дайын екенін білдірді.